Былтыр министрдің балалары Кипрде оқып жатқаны туралы айтылған болатын.
«Қарапайым мектепте оқиды»: Министр балалары Қазақстанға оралғанын айтты
1,080
оқылды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Кипрдегі мектепте бірнеше жыл білім алған балалары биыл Қазақстан мектептерінің біріне баратынын мәлімдеді, – деп жазды KAZ.NUR.KZ.

«Олар қазір Қазақстанда. Елге келді. Осында қарапайым мектепте оқитын болады. Құжаттарды тапсырамыз, түрлі нұсқаларды қарастырамыз»,  дейді министр Саясат Нұрбек.

Бұған дейін министр балаларының неліктен шетелде оқитыны туралы айтқан еді.

Былтыр Саясат Нұрбек балаларының Солтүстік Кипрден қазақстандық мектепке ауысатынын атап өткен еді. Алайда кейін оның балалары Кипрде оқуын жалғастырып жатқаны белгілі болды.

Сол кезде Саясат Нұрбек Кипрде балаларының білім алуы, олардың өз таңдауы екенін айтқан еді.

Сонымен қатар министр Кипрдегі жекеменшік мектепте білім алу Қазақстандағы жекеменшік мектептердегі бағамен салыстырғанда арзан екенін атап өткен болатын.