Комиссия жұмысты 14 маусымда бастаған.
Алматы ауруханасынан АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатыр
934
оқылды

Алматының орталық клиникалық қалалық ауруханасында емделіп жатып, АИТВ жұқтырған 3 пациенттің ісін арнайы комиссия тексеріп жатыр.

Комиссия жұмысты 14 маусымда бастаған.

Тексеру шеңберінде пациенттердің бағыты белгіленеді, ОКҚА-да көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы және пациенттер емделген бөлімшелерде медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекция профилактикасы бойынша инфекциялық бақылаудың сақталу мониторингі бағаланады.

Тексеру барысында бүкіл үш пациент сәуір айында ОКҚА-ның бірнеше бөлімшесінде медициналық көмек алғаны анықталды.

Қазіргі уақытта пациенттердің маршрутын ескере отырып, байланыс шеңбері белгіленіп жатыр.

Олармен байланыста болған 593 адамнан АИТВ-ға тексеру үшін материал алынды, оның 419-ы теріс, қалған 174-і тексерілу үстінде.

«Денсаулық сақтау министрлігі істерді тексеру барысын ерекше бақылауда ұстайды және бұл туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отырады», – деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы орталық клиникалық ауруханасында жатқан үш науқастан АИТВ анықталғанын хабарлаған едік.