Полиция мектеп түлектері мен ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Полиция түлектер мен олардың ата-анасына ескерту жасады
1,081
оқылды

Тәртіп сақшылары мектеп бітіру кешінде тәртіп сақтауды сұрайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің дерегінше, былтыр түлектердің катысуымен әртүрлі құқық бұзушылық болды. 

Іс-шаралар өткізілетін орындарда құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз ету үшін әрбір оқу орнына полиция қызметкерлері және басшы құрам қатарынан жауаптылар бекітілді. 

Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін полиция жіті қадағалайды. Сондай-ақ жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылды. Жалпы, 7 мыңнан астам полицей жұмылдырылды. 

«Ата-аналардан және түлектердің өздерінен қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жол жүрісі қағидаларын сақтауды, су қоймасында қауіпсіздік шараларын қабылдауды өтінеміз. Тәрбиешілер, ата-аналар және кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдері іс-шара аяқталғанға дейін түлектерге тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі керек. Құрметті түлектер мен олардың ата-аналары, бұл мереке сіз үшін тек жағымды жағынан есте қалуы керек. Өзіңіз бен жақындарыңызды сақтаңыз», – деді ІІМ ӘПК басқарма бастығы Әсет Оспанов.