2023 жылдың 21 тамызына дейін қамауда отырады.
Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 тамызға дейін ұзарды
1,644
оқылды

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 тамызына дейін ұзартты.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 20 маусымдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни күдікті 2023 жылдың 21 тамызына дейін қамауда отырады», - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.

Фото: inform.kz