Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған.
Есірткі сақтаған күдіктіні Түркиядан Қазақстанға экстрадициялады
945
оқылды

Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткіні аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған азаматшаны беру туралы сұрау салған Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішін орындады. 

Бұл туралы Aikyn.kz  Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.