40 жастағы ер адам анықталып, Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
Астанада лифтіде кішкентай қызға тиіскен ер адам ұсталды
1,628
оқылды

Астанада лифтіде кішкентай қызға тиіскен 40 жастағы күдікті ұсталды.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 40 жастағы ер адам анықталып, Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізілген.

"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында лифтіде ер адам кішкентай қызды зорламақ болған деген видео анықталды. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу), 440-бап (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша жауапкершілікке тартылды. Баланың заңды өкілдерінен арыз келіп түсті", – деді Полиция басқармасы өкілдері.