26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
"-1°C үсік жүреді": Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
6,862
оқылды

Синоптиктер 2023 жылғы 24-26 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері республика аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды, бұлттар найзағай ойнап, жаңбыр жаууына, дауыл соғуына себепкер болады, бұршақ жаууы мүмкін.

«26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанды. 26 маусымға қараған түні еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде -1°C үсік жүреді»,– делінген хабарламада. 

Фото: news.myseldon.com