Шымкентте үйінен шығып кеткен 4 жасар бала табылмай жатыр.
Шымкентте 4 жасар бала жоғалып кетті
1,023
оқылды

_Volontery_shymkent_lider.kz мәліметінше, 2019 жылы туған Әділет Розахов 23 маусымда 15:00 мен 16:00 аралағында "Алаш" базары маңындағы үйінен шығып кеткен. 

Баланың айрықша белгілері: шашы қысқа, арықтау келген, көзі қоңыр түсті. Үстіне кеуде тұсында жазуы бар қызыл-көк түсті футболка, ақ сызығы бар шорты киген.

Еріктілердің мәліметінше, соңғы рет баланы жасөспірімдермен бірге жүргенде көрген. 

Баланы көрген немесе қай жерде екенін білетін азаматтардан 8 777 679 18 24 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.