Оқиға 24 маусым күні сағат 01.15 шамасында болған.
Атырауда қабаған ит екі адамға шабуыл жасады
617
оқылды

Полиция бекетіне Атырау қаласы  тұрғынының көпқабатты үйлердің біріне  кіре алмай тұрғаны жөнінде хабарлама түскен. 

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция  азаматша мен оның танысына белгісіз азаматтың тиісіп, Стаффорд тұқымдас итін бағыттап тұрғанын анықтады.

Ит  1992 жылғы азаматтың қолын тістеген. Кейін иттің иесі итті полиция қызметкерлеріне бағыттап, оқиға орнынан қашып кетуге оқталған. 

Салдарынан бір полицей жарақаттанған.

"Нәтижесінде,  патрульдік бекетке көмекке келген автопатрульдеу бекеті қызметкерлерімен бірлесіп, ит залалсыздандырылды. Ит иесінің мас күйде екені анықталды. 

 Қазір иттің иесі  жедел-тергеу тобына жеткізілді", – деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Баян Жанұзақова