20 маусымда Жаңа Адамдар Trash Fashion Day атты «сән көрсетілімін» жүргізді. Модельдердің киімдері Астана қаласының заңсыз қоқыс алаңдарынан жиналған қалдықтардан жасалған болатын.
Астанадағы “Жетісу” тұрғын үй кешені жанындағы қоқыс орнын алып тастауға уәде берді
1,252
оқылды

Қала үкіметінің реакциясын ұзақ күтуге керек болмады. Біздің Teltgram арнамызда «сәнді көрсетілім» туралы посттың астында Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің жауабын көруге болады. Сонда Jetisu тұрғын үй кешенінің қасындағы қоқыс алаңын тазарту шараларының басталғаны туралы мәліметтер берілген. 

Есіл ауданы әкімшілігінің баспасөз қызметі: «Осы жылдың сәуір айынан бастап, Есіл ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын тазарту жұмыстары жүргізіледі. “Жетісу” тұрғын үй кешенінің қасындағы аймақтан қалдықтар шығарылуына, тұрақты негізде, тиегіш жабдықтардың 2 бірлігі, 8 өзі аударғыш жүк машиналары және сондай-ақ тағы 10 машина  қатыстырылды. Осы жылы «1 000 камералар» бағдарламасының шеңберінде құрылыс қалдықтарды жинаудың негізгі нүктелерінде күн сайынғы бақылау камераларын орнату  жоспарланады. Осы шара Цифрландыру басқармасымен бірге жүзеге асырылады» делінген. 

БАҚ деректері бойынша, Астанада 500-ден астам заңды рұқсат етілмеген қоқыс алаңы бар. Жаңа Адамдар түрлі креативті әдістерді қолдана отырып, Үкіметтің назарын елордадағы «қоқыс бейберекетіне» аудартуды әрі қарай жалғастыруға жоспарлайды.

Бауыржан Аманов, Жаңа Адамдар: "Біздің сән көрсетіліміміз осы мәселеге қарсы тұруға қайсар шешіміміздің нышанына айналды. Ол тек бүкіл қауымның ғана емес, сонымен бірге бұқаралық ақпарат  құралдарының және әкімшілік өкілдерінің назарын тартты. Біз қаламыз бен оның қоршаған ортасын қорғау сұрағында ниеттес адамдар болғанымызды дәлелдедік. 

Осы мәселенің шешілуінде алғашқы қадамдар жасалған және ешқандай күш бізді тоқтата алмайды. Әкімшіліктің өкілдерін асықтырып, олар берген уәделерінің орындалуын бақылауға міндеттіміз. Әйтпесе, қатты ластанған астана Жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік бермейді".