Жетісу облысында көршісін кредит алуға мәжбүрлеген тұрғын ұсталды.
Жетісуда көршісін кредит алуға мәжбүрлеген тұрғын ұсталды
1,143
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, оқиға Қаратал ауданында тіркелді. Онда полицейлер Үштөбе қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты жасалған тонау дерегін тергеді. Жас жігіт көршісінен жапа шеккен. 

Оны көршісі қорқытып, онлайн несие алуға мәжбүр еткен, одан кейін ақшаның барлығын тартып алған. 

«21 жастағы күдікті бұрын да біреуді тонап, жауапқа тартылған. Несие сомасы шамамен 30 мың теңге. Ақшаны бас пайдасына жұмсаған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Қаратал ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрболат Шаму.

Бұған дейін кредит төлей алмадым деп көз жұмған ер адам туралы жазған болатынбыз.