Шетелдіктерге Қазақстанда жұмыс істеуге заң шеңберінде рұқсат беріледі.
Қазақстанда қанша шетелдік жұмысшы бар?
2,352
оқылды

Биыл 1  маусымдағы мәлімет бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 286 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Aikyn.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Шетел жұмыс күшіне мынадай санаттарға рұқсат бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 537 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 713 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар 6 458) және төртінші (білікті жұмысшылар 803) санаттарға жатады. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа 1 826 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 950 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 777 жұмыс беруші бар. Оларда 421,8 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл   қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 386 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 835 адам (10%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 401 адам (10%), өңдеу өнеркәсібі – 1 007 адам (7%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 978 адам (7% ).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 412  адам (24%), Өзбекстан – 1 884 адам (13%), Үндістан – 1 484 адам (11%), Түркия – 1 397 адам (10%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілеп, бөледі. 

2023 жылы 22 260 квота белгіленді.