Оқиға Темірлан тасжолы мен Алматы тасжолының қиылысында болған.
Шымкентте КамАЗ жүргізушісі кабинада қысылып қалды
1,365
оқылды

Шымкентте құтқарушылар КамАЗ көлігінің кабинасында қысылып қалған жүргізуші құтқарды.

Жерасты жолын салу кезінде «КамАЗ» жүк көлігі абайсызда бетонға соғылған.

Соның салдарынан 34 жастағы көлік жүргізушісі кабинада қысылып қалды.

«Авариялық құтқару жұмысына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімінен 11 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болғандықтан жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып кетті», – делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.