Жол қозғалысы Есенжанов, Сәтбаев, Брусиловский, Тұрғыт Озал көшелерінің бойымен ұйымдастырылады
Алматыда екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі
2,369
оқылды

Алматыда Саин көшесі мен Абай даңғылының учаскелері екі күнге жабылады.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфальт бетон жабынын төсеуге байланысты 2 шілде сағат 23:00-ден 4 шілде 06:00 аралығында түнгі және күндізгі уақытта әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

«Сондай-ақ жол қозғалысы Асқаров, Торайғыров, Мұстафин және қайталама Саин көшесімен жүзеге асырылады. 3 шілде сағат 23:00-ден 5 шілде сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Жол қозғалысы Есенжанов, Сәтбаев, Брусиловский, Тұрғыт Озал көшелерінің бойымен ұйымдастырылады»,- делінген хабарламада.