Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімшеден қашып кетті
6,761
оқылды

Қоғам қайраткері, танымал спортшы Дәулет Тұрлыхановтың әскердегі ұлы борышын өтеу орнынан қашып кеткен.

«2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен», – делінген хабарламада.

Қазір әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.