Олар жалға алған пәтерде 13 жастағы қызды зорлаған.
БҚО-да төрт жасөспірім 13 жастағы қызды зорлаған
1,407
оқылды

Орал қаласында төрт жасөспірім 13 жастағы қызды зорлаған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 12 маусымға қараған түні болды.

«Шамамен сағат 01:00-де 2006 және 2007 жылы туған төрт жасөспірім Орал қаласында жалға алған пәтерде 13 жасар қызды зорлаған. Аталған жасөспірімдер бұрын қылмыс жасағандары үшін есепте тұрған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне (зорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – деп хабарлады ведомстводан.