Еріктілер жылына ерекше акция өтті
Еріктілер жылына ерекше акция өтті
383
оқылды
Жамбыл облыстық  «Рухани жаңғыру»  жобалық офисінің ұйымдастыруымен Еріктілер жылына ерекше акция өтті. Белсенді жастар Тараз қаласындағы жаяу жүргіншілер жолағына «Балаңыздың қолынан ұстаңыз» және «Құлаққаптарды шешіңіз» деген ескертпе  жазбалар жазды. Жобалық офистің басшысы Зарина Қуатованың  айтуынша,  бұл шара  қала тұрғындарын жолдан өтуде сақ болуға  және балаларына абай болуға үндеу екен. - Қалада жол көлік оқиғалары көп жағдайда осы жаяу жүргіншілер жолағында  орын алып жататыны белгілі. Сондықтан біз Еріктілер жылының «Саулық»  бағыты бойынша  осындай бастаманы қолға алдық. Бұл ескертпе жазба  шаһар тұрғындарының жолдан өтудегі қауіпсіздігін сақтауға өзіндік үлесін қосады деп сенеміз, -дейді З.Қуатова. Жалынды жастар мұндай ескертпе жазбаларды бүгін қаладағы 24 жаяу жүргіншілер жолағына  жазуды жоспарлауда. Және мұндай игі шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы