Жауынгер әкімшілік жауапқа тартылады.
Дәулет Тұрлыхановтың әскерден қашқан ұлы 15 тәулікке қамалды
1,132
оқылды

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың әскердегі ұлы әскери бөлім бастығының бұйрығын орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Aikyn.kz "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әскери бөлім бастығының белгіленген тәртіппен берілген бұйрығын орындаудан ашық бас тарту – әкімшілік құқықбұзушылық жасаған қатардағы жауынгер Нұрасыл Болатқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2 шілдеде әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Н.Болат Алматы гарнизоны гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес, өзінің әскери бөліміне баруға міндетті болған.

Алайда ол оған бөлімше командирінің лейтенант А. берген бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартып, Әскери полиция басқармасының ғимаратына келген автокөлікпен белгісіз бағытта кетіп қалған.

«Сот Б.-ны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 652-бабы 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алды», – делінген соттың хабарламасында. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Қонаев гарнизонынан қашып кеткен Нұрасыл Болат табылғанын хабарлаған болатынбыз.