Петропавлдағы табиғи су қоймасында 15 жастағы жасөспірім інісін судан шығара алып, өзі батып кете жаздаған.
Петропавлда жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды
1,117
оқылды

Жүзу үшін жабдықталмаған, су толтырылған шұңқырда жеті жасар бала суға бата жаздаған. Ол 13 жастағы ағасы екеуі тоғанға «аяғын суға салу» үшін келген.

Алайда бала тайып кетіп, суға құлап, бата бастаған. Жағада тұрған ағасы оны құтқарып, жағаға шығарып жіберген. Бірақ жасөспірімнің өзі терең шұңқырдан шыға алмай қалған. Осы кезде көмек сұрап айғайлаған жеткіншектің дауысын естіген 15 жасар Аслан Гималетдинов баланы құтқаруға ұмтылған. Сөйтіп, баланы құтқарып қалған. Бұл туралы Petropavlovsk.news. хабарлады.

"Суға түсіп, балаға қолымды создым. Ол қолымнан мықтап ұстап алды. Сөйтіп жағаға шығардым. Екі ағайынды да есеңгіреп қалды. Екеуін мүмкіндігінше тыныштандырдым", – деді жасөспірім.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аслан Ғималетдинов суға түскен кезде аяғын ауыр жарақаттап алған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер құтқарушы мен зардап шеккен балаларға алғашқы медициналық көмек көрсекен.

фото:zakon.kz