Өскемен қаласында бүгіннен бастап бір аптаға жуық уақыт бойы трамвай жүрмейді.
Өскеменде бүгіннен бастап трамвайлар тоқтайды
1,696
оқылды

Қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, жөндеу жұмыстарына байланысты 6 шілдеден бастап трамвай қозғалысы тоқтатылды.

– «Қазақстан» көшесіндегі рельстерді ауыстыру жұмыстары жүргізілмек. Сондықтан, трамвайлардың орнына қосымша автобустар шығарылады. «Өскемен бекеті-Защита» бағытында 15 автобус жүреді. Оның қозғалысын Oskemenbus мобильді қосымшасынан бақылап отыруға болады, – делінген ақпаратта.

Трамвай жолдарын жөндеу жұмыстары шамамен бір аптаға созылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, тасымалдаушылар «Қазақстан» көшесінің бойымен жүретін №26, Абай даңғылында жүретін №67 және №6 автобустарының санын арттырмақ.

фото:http://oskemen.info/