Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Абай облысында ірі есірткі алқабы анықталды
913
оқылды

Абай облысына қарасты Бесқарағай ауданында ірі есірткі алқабы анықталып, 4,8 мыңнан астам қарасора бұтасы тәркіленді.

Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында өз бақшасын есірткі алқабына айналдырған ер адамды ұстады.

Полицейлер Бесқарағай ауданының тұрғынынан 4,8 мыңнан астам қарасора бұтасын тәркіледі.

«Старая Крепость ауылының шетіне келген полиция қызметкерлері қоршалған алқапты байқады. Көп ұзамай 39 жастағы бақша иесі ұсталды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда», – делінген ақпаратта.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.