Өрт сөндірушілер Алматы базарындағы өртті сөндіріп жатыр.
Алматыдағы "Кенжехан-2" киім базарында өрт шықты
3,591
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қоңырау бүгін сағат 12:00 шамасында түскен.

Алматының ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін "Кенжехан-2" киім базарының аумағында контейнерлік үлгідегі қоймада өрт болғаны анықталды. Өрт аумағы анықталып, халықты базардан эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды.