Алматыда белгісіз қыздың соққыға жығылғаны түсірілген видео NeMolchiKZ қорының Тelegram-арнасында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда қызды соққыға жыққаны бейнеленген видео тарады
971
оқылды

"Біздің қорғалушы осы видеодан өзіне қол көтергендерді таныды. Оны да осылай аяусыз соққыға жыққан. Бойжеткеннің айтуынша, қыздар оны ұрып-соғып, ер адамдарға сатамыз деп қорқытқан.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жәбірленуші талабымен істі мұрағатқа жіберілген.

Ауылдан келген қыздар осылай секс-құлдыққа тартылады. Алдымен оларды ұрып-соғады, қорқытады, сосын зорлайды, видеоға түсіреді, масқара деп қорқытады. Масқара болудан, тағы да ұрып-соғып, қорлаудан қорқып, қыздар өздерінен талап етілетіннің бәрін жасайды", – делінген жазбада.

Алматы қаласы Полиция департаменті өкілдері жарияланған видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомствода бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алмалы аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Объектив мән-жайлар анықталып жатыр. Қазір іс жүргізу аясында кешенділік, толықтық және объективтілік қағидаттары қатаң сақтала отырып, қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаментінің басқарма басшылығының бақылауында", – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.