Құтқарушылар таудан құлап кеткен туристің денесін іздеу жұмыстарының видеосын бөлісті.
Түркістан облысында таудан құлап кеткен турист табылмай жатыр
852
оқылды

Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен туристі  іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.

«Құтқару-іздестіру жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі жасап отыр. Жолдың кейбір бөліктері шамамен 70 градус бұрышты құрайтын биік шатқалдан тұрады. Бұл қар аралас жауын-шашынмен қабаттасып, құтқарушылардың жоғары қарай көтерілуін қиындатуда»,  делінген Түркістан облысы ТЖД таратқан ақпаратта.

Бұған дейін 1967 жылы туған ер адам таудың басынан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп, турист мұз бойымен домалап, еңіске құлап кеткені жайлы жазған болатынбыз.