Прокурор Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталушыларды 5 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сот үкімі шықты
1,125
оқылды

Бүгін Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қалалық әуежайды басып алу ісі бойынша бес айыпталушыға қатысты үкім шығарды.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларға үкім шығарды:

Әйгерім Тілеужанова – 4 жылға, Қалас Нұрпейісов – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шілібаев пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылдан арқалады.

Тілеужанова мен Нұрпейісов жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды (ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі) деп айыпталса, Дәлібаев, Шілібаев және Кәрменов әуежайдың стратегиялық объектілері мен «КазАэроНавигация» РМК шабуыл жасау және басып алу кезінде зорлық-зомбылық, өртеу, мүлікті қирату және жоюмен қатар жүрген жаппай тәртіпсіздікке (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі) қатысты деген күдікке ілінді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.