ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмды
851
оқылды

Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам көз жұмып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Polisia.kz.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 12:30-да Ақтөбе – Орынбор автожолының 20-шақырымында ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан болған.

Жол апатынан екі көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, 3 жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді, – деді Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Артур Абдрешов.