Жеңімпаздарды еліміздегі белгілі журналистер, медиа-сарапшылар және белгілі сала өкілдерінен құралған конкурстық комиссия анықтады.
Елордада журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды
871
оқылды

Астананың 25 жылдық мерейтойына орай республикалық БАҚ өкілдері  арасында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Байқау Астана қаласы әкімдігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылды.

БАҚ өкілдеріне арналған байқауда 7 аталым бойынша барлығы 100-ден астам үміткер сынға түсті. Қазылар алқасының шешімімен мынадай аталымдар бойынша Байқау жеңімпаздары анықталды:

1) «Үздік журналист-сарапшы» – 1-орын – Гүлшат Сералы («Астана ақшамы» газеті), 2-орын – Арнұр Асқар («Егемен Қазақстан» газеті), 3-орын – Максим Удод («Вечерняя Астана» газеті);

2) «Үздік шолушы» – 1-орын – Назира Балташева («Голос народа» ақпараттық агенттігі), 2-орын – Әбубәкір Смайылов («Жас қазақ» порталы), 3-орын – Әйгерім Мұсатаева («Литер» газеті);

3) «Үздік радиорепортаж» – 1-орын – Дулат Абибуллаев («Қазақ радиосы»), 2-орын – Раушан Сыбанжанова («Халық радиосы»), 3-орын – Азамат Тілепов («Қазақ радиосы»);

4) «Үздік телесюжет» – 1-орын – Марк Брюшко («Жібек жолы» телеарнасы), 2-орын – Ғабит Бөкенбай («Қазақстан» телеарнасы), 3-орын – Динара Абдирова («24 kz» телеарнасы);

5) «Үздік мобилограф» – 1-орын – Ұлан Әбішев («Қазконтент» АҚ), 2-орын – Әйгерім Ержанова («Евразия» бірінші арнасы), 3-орын – Абай Уахит («Аманат» партиясы);

6) «Үздік фоторепортаж» – 1-орын – Шүкір Шахай, 2-орын – Владислав Воднев, 3-орын – Сұлтан Сейітов («Астана ақшамы» газеті), Ерлан Омаров («Егемен Қазақстан» газеті);

7) «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номинациясы – 1-орын – Қайнар Олжай, 2-орын – Ренат Ташкинбаев, 3-орын – Салтанат Жакупова («Елорда Инфо» сайты).

Бірінші орынға – 1 000 000 теңге, екінші орынға – 500 мың теңге, үшінші орынға – 300 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.