Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Боксшы Бейбіт Шүменов 5 жылға сотталуы мүмкін
2,354
оқылды

Ішкі істер министрлігі Астанадағы сауда ойын-сауық орталығында болған төбелес оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Елордадағы ірі сауда ойын-сауық орталығының фуд-кортында жанжал болып, қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан адамның кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталған болатын.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 18 маусымда болған. Астанадағы  Mega Silk Way  сауда ойын-сауық орталығындағы тамақтану орындарының бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып жіберген.

Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен ("Бұзақылық") сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.