Жалын шарпыған аумақ – 60 мың гектар.
Абай облысындағы орман өрті толықтай сөндірілді
714
оқылды

 «Семей орманы» резерваты бүгін сағат 13.00-де Абай облысы Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілгенін хабарлады. 

Тартылған күш-құралдардың көмегімен бұл өрт 14 маусым сағат 21.00-де оқшауланған.

Бұған дейін айтылғандай, өрт оқшауланып, ТЖМ мамандары кеткен сәттен бастап орман қайта өртенбес үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт стансалары кезекшілік ұйымдастырды.

Өрттің бүкіл периметрінде патрульдеу жүргізілді.

Өрт көлемі одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана оның оқшауланғаны хабарланады.

Бұл ретте өрттің қайта тұтануына жол бермес үшін бүкіл шаралар қабылданып, жануы тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі.

Айта кетейік, Семей орманындағы өртті сөндіру кезінде 14 орманшы қаза тапқан болатын.