Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегінде 24 маусымда UFC дебютанты америкалық Джошуа Вангтан (8:1) жеңілді.
Жалғас Жұмағұлов UFC құрамындағы спортшылар қатарынан шығып қалды
1,241
оқылды

Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымы құрамындағы спортшылар қатарынан шығып қалды. Бұл туралы UFC Roster Watch Twitter-аккаунты жазды. 

Ұйымдағы соңғы өзгерістер мен жаңалықтарды хабарлайтын парақшада Жалғастың жекпе-жектері тоқтағаны жайлы ақпар берілген. 

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегінде 24 маусымда UFC дебютанты америкалық Джошуа Вангтан (8:1) жеңілді.