Бұл туралы бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов мәлім етті, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін чемпион Санжар Тәшкенбайдың үйлену тойы болады
4,183
оқылды

Жаттықтырушы Санжар Тәшкенбайдың құдалығы, басқа да жөн-жоралғысы өтіп, енді үйлену тойы болатынын айтады.

"Санжар Тәшкенбай бапкері екеуі сұранған. Емделеміз деген, негізі. Дегенмен, барлығымыз пендеміз. Үй мәселесі, тағы басқа тіршіліктер бар дегендей. Енді жақсы жаңалық естіп жатырмыз, үйленеді дегенді. Құдалығы, басқасы болып қойған сияқты. Енді, Алла қаласа, 16 шілдеде үйлену тойы болады. Бізді тойына шақырды. Құрамамен барлығымыз тойға барамыз. Біз бір отбасы сияқтымыз ғой. Әрине, қуанышты бірге бөлісеміз", – деген еді Мырзағали Айтжанов бірер апта бұрын бокстан өткен "Елорда Кубогы" кезінде журналистердің біріне берген сұқбатында.

Айта кетсек, мамыр айында Ташкентте бокстан өткен Әлем чемпионатының финалында 48 келі салмақ дәрежесінде Санжар Тәшкенбай грузин боксшысы Сахил Алахвердовиді айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Әрі ірі сыйақыға да ілінді. Көп ұзамай чемпион әкесіне тосынсый жасап, қымбат көлік тарту етті.