Қосшы қаласында "Нұрай" тұрғын үй кешеніндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде төртінші қабат өртенгенін Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Қосшыда өртенген пәтерден төрт бала құтқарылды
597
оқылды

"15 шілдеде сағат 22:15-те Қосшы қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы – 16 шаршы метр. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында төрт бала өрттен құтқарылды. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Өрт орнына Ақмола облысы, Астана қаласы ТЖД-ның жеке құрамынан 11 адам және 4 бірлік техника мен ЖАО өрт сөндіру бекеті шықты", – деп мәлімдеді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ екені нақтыланады.

Айта кетсек, Ақмола облысы Полиция департаменті аталған тұрғын үйдің үш подъезіндегі адамдар эвакуацияланғанын, 10 адам елордадағы қонақүйлердің біріне орналастырылғанын хабарлаған болатын.