Алматы облысында балаларды жазғы лагерь деп саунаға алып барған.
Саунадағы балалар «лагері»: кәсіпкер мемлекеттен қыруар қаржы алған
1,583
оқылды

Кәсіпкер балалардың жазғы демалысын ұйымдастырамын деп, қазынадан қыруар қаржы алған. Бұл туралы депутат Нұргүл Тау Facebook-тағы парақшасында жазды. 

«Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, Ұзынағаш ауылындағы «Арман дала» лагеріне Respublica партиясы атынан Алматы қалалық мәслихат депутаттары Қайрат Бегалин және Жалынбек Жайнарбаймен бірге барып, жағдайымен таныстым. Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған. Өрескел бұзушылықтар болғанына куә болдым. Лагерь бұрынғы сауна ғимаратында орналасқан. 

Қызмет көрсетуші «БелРичи» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес, қызмет көрсету құны – 107,8 млн теңге. Жоспар бойынша 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс», – деді депутат.

Сондай-ақ ол мемлекеттік сатып алу процесі туралы Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу жөнінде сауал жолдады.

Бұған дейін саунада ұйықтай алмаған балалар туралы жазған болатынбыз.