«Қазгидромет» бүгін ауа райы құбылмалы болатынын хабарлады.
Бірнеше өңірде 42 градус ыстық болады
3,535
оқылды

Атмосфералық фронт әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Шығыста күн райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде еліміздің солтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Ұлытау, Абай Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-41°С ыстық сақталады.

Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында  аптап ыстық (42°С) күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола,  Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: wallpaperscraft.ru