Оқиға Алматы қаласы Бостандық ауданында болған.
«Оңаша жерге апарып...» – аула сыпырушы балабақшадағы балаларға азғындық көрсеткен
2,037
оқылды

Жекеменшік балабақшада жұмыс істейтін ер адам балаларға азғындық көрсеткен деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

AstanaTV-ның хабарлауынша, бұл мәселені заңгер Айман Омарова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ер адам балабақшада аула сыпырушы және бағбан болып жұмыс істейді. Ол балаларды оңаша жерге алып барып, азғындық көрсеткен. Мұны балалардың ата-анасы біліп, дабыл қаққан. Заңгердің деректеріне сәйкес, бес жасқа дейінгі алты бала осы жайттың құрбан болғаны анықталды. Қалалық полиция департаменті бұған қатысты мәлімдеме жасады.

Алматы қаласы ПД-ның ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық істі Бостандық аудандық Полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 124-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркеп, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның объективті мән-жайын тергеу анықтайды. Нәтижесінде, қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Сотқа дейінгі тергеу барысын басшылық бақылауға алды», – деді.

Бұған дейін Түркістан облысында 5 жасар қыз қаскөйдің қолынан қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.