«Орталық Азия + Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.
Эмомали Рахмонмен кездесті
1,128
оқылды

Екі ел басшылары Қазақстан мен Тәжікстан ара­сындағы қарым-қаты­нас­тардың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, Эмомали Рахмонның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытын­дысы бойынша қол жеткізіл­ген уағда­ластықтардың жүзеге асырылу бары­сын қарастырды.

Әңгімелесу барысында сауда-эко­номикалық бай­ланыстар мен мәдени-гуманитарлық ынты­мақ­тастықты одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халық­ара­лық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір ал­масып, ал­дағы кездесулер кестесін талқы­лады.