30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленген.
Қостанайда жалған ақша сатумен айналысқандар сотталды
972
оқылды

Қостанайда облысында және Астана қаласында жалған АҚШ долларын сатқан 5 азаматқа қатысты сот үкімі шықты.

«Күдікті С.Шарапиев  валюта тауып әкелумен айналысса, Қостанай облысының аумағында сатуды Т.Жакупов және А.Шаймердинов, Астана аумағында таратуды ерлі-зайыпты Бердімұратовтар жүргізген.

30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді»,  делінген агенттік хабарламасында.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін сотталушыларға «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» бабымен, сондай-ақ жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан, «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды. 

Сот үкімімен С.Шарапиев ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, А.Шаймердинов пен Т.Жакупов  орташа қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға дейін, Бердімұратовтар жұбайлары шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. 

ҚМА мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін «көлеңкелі» экономика саласындағы қылмыстар фактілерін ашуға бағытталған іс-шараларды жалғастыратын болады.