2025 жылға дейін өңірде 14 бекет құру жоспарланған.
Абай облысында 2 өрт сөндіру бекеті ашылады
510
оқылды

Абай облысының Бесқарағай ауданында жаңадан екі өрт сөндіру бекеті ашылмақ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов облыс тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

2025 жылға дейін өңірде осындай тағы 14 бекет құру жоспарланған.

«Қосымша, өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде баламалы тәртіпте 150-ден астам ерікті құралым мен 50-ден астам өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, олар қажетті техникамен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған», – деді министр.