Танымал әнші, эстрада жұлдызы Роза Әлқожа қызының не себепті ауруханаға түскенін мәлімдеді. Айтуынша қызының мұрнына ет өсіп, жарасы асқынған көрінеді.
Роза Әлқожа қызының асқынып кеткен дерті туралы айтты
3,675
оқылды

Эстарада жұлдызы қызының не себепті ауруханаға түскенін мәлім етті.

«Қайырлы күн! Амал, ниеттеріңізді Алла қабыл етсін! Қиналғанда әлеуметтік желіде ел тілек қосса, көп тілеуі көбірек қабыл болатындай көрінеді маған. Екі күннен бері әрқилы күй кештік. Адамға оңашада түрлі ой келеді. Бәлекет аяқ астында… Екі-үш күн бұрын немере сіңлімнің ұлы әкесінің қасында ойнап жүріп химикат жеп қойып реанимациядан бір-ақ шыққан. Ойламайын десең де, әсер етеді, уайымдайсың. Қан қысымым көтеріліп әрең ұйықтағанмын.

Одан кеше мына қыздың қасында жататыным стресс болды. Жалпы, басқалар оңай қабылдайтын нәрсенің бәрі мен үшін қиын.

Бір жарым сағатта қызымды қатты сағындым. Жақсы ойлайын деп көңілімді басқа жаққа бұрсам да, ағзасы келешек үшін алысып жатқан құлыным қандай күйде екен деп алаңдап отырдым. Шүкір, ең бастысы ота сәтті өтті. Дәрігерлерге мың алғыс! Сіздерге рахмет тілекші боп жатқан!», – деп жазды ол.

Сонымен бірге ол отаны кеш жасағандарын, ауруды асқындырмаған жөн екенін атап өтті.

«Не болғанын сұрап жатқандарға: Екі мұрнына ет өскен. Соның кесірінен сол құлаққа сарысу жиналған. Түнде аузымен демалып, қорылдап ұйықтайтын. Негізі аденоидпен алты жасқа дейінгі балалар келеді. Ет әбден өсіп, тамаққа жеткен екен, сол үшін ұзақ жасадық”, – дейді дәрігер. Сегіз жас деген үлкен екен. Біз болсақ, оны Аквамариспен кететіндей көрдік. “Оқу біткен соң бір-ақ жасайық” деп создық. Қайран, қазақы көңіл-ай!

Жалпы, кішкентайлардың пицца, кола, гамбургер жеуіне қанша қарсы болсаң да, басқа тамаққа зауқы жоқ қой. Енді қаласа да бермеу керек болды. Ет өскеннің түбірі тамақта дейді. Екі апта жүгіруге, секіруге болмайды. Күтім керек деп бүгін үйге жіберді», – деп түсіндірді ол.