Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында беймәлім ер адамның әйелдерді киімінің астынан суретке түсіріп жүрген видеосы тарады, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Әйелдерді етегінің астынан суретке түсірген ер адам бір айға қамалуы мүмкін
1,142
оқылды

Абай облысының тәртіп сақшылары облыс орталығының 55 жастағы тұрғынын анықтады.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Яғни, қоғамдық орында балағат сөз айту, жеке тұлғаларды қорлау, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер.

Осы баптың санкциясымен он бес күннен отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

Материал шешім қабылдау үшін Семей қаласының әкімшілік сотына жіберілді.