Өрт 2-қабаттағы бөлмеден басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астанада жатақхана өртеніп, 60 адамды эвакуациялады
890
оқылды

Кеше сағат 21:57-де Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Көктал ауданында орналасқан жатақханадан шыққан өртті сөндіруге барды. 

Өрт сөндірушілер 2-қабаттағы 20 шаршы метр бөлме өртенгенін анықтады. 

Құтқарушылар қою түтін арасында жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер 2 адамды аман-есен құтқарды. Жатақханадан 60 тұрғынды эвакуациялады.

Тұрғындарды орналастыру мәселесін жатақхана иесі шешеді.

Өртті 22:28-де оқшаулап, 22:48-де сөндірді.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 41 адам мен 9 бірлік техника жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.