Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыға соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
БҚО-да жол апатынан 40 жастағы әйел қаза тапты
599
оқылды

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 шілде күні шамамен сағат 22.45-те Сырым ауданында болған.

Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолының 415-шақырымында 1984 жылғы жүргізуші «Ниссан Тиана» автокөлігімен жолға шауып шыққан жылқыны қаққан. Салдарынан автокөлікте отырған 1983 жылғы әйел оқиға орнында қаза тапты. Көліктегі жүргізуші мен жолаушы – Ақтөбе облысының тұрғындары. 

Факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, жылқы иесін анықтап жатыр.