Оқиға орнынан ер адамның денесі табылған.
Екібастұзда өртеніп кеткен автогаз құю бекетінен бір адамның мәйіті табылды
789
оқылды

Павлодар облысы ТЖД Екібастұзда болған автогаз құю бекетіндегі өрт сөндірілгенін хабарлады.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше оқиға орнынан ер адамның денесі табылған.

«26 шілде күні сағат 13:24-те Екібастұз қаласы Қонаев, 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сондай-ақ, оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған. Өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді.

Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Жеке басы анықталып жатыр. Өрт 15:00-де оқшауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ», – делінген департамент хабарламасында.

Бұған дейін Екібастұзда газ құю бекетінен  өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.