Аталған оқиғаға қатысты арыздың белгіленген тәртіппен тіркелгенін, соған қатысты тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Өскеменде саябақта баланың үстіне арт-құрылым құлаған
1,161
оқылды

Өскемен қаласындағы Арбатта баланың үстіне арт-құрылымның құлап кетуіне байланысты тексеру жүргізіліп жатыр, –деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Оқиға 26 шілде күні сағат 22.00 шамасында болған. Қаладағы Арбатта ойнап жүре бала жарақат алды.

Белгілі болғандай, ол арт-құрылымды әткеншек ретінде пайдаланған. Соның салдарынан дөңгелек пішінді құрылым сынып кетеді. Бұл демалыс орны «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесіне қарайды. Мекеме өкілдері «құрылым сәндік үшін тұрғанын, оған отырып, тербелуге болмайтынын» мәлім етті.

Осы ретте, «ҚазАқпарат» тілшісі ШҚО Полиция департаментіне хабарласып көрді. Ведомство дерегінше, аталған факті бойынша қала тұрғынынан шағым түскен.

«Аталған оқиғаға қатысты арыздың белгіленген тәртіппен тіркелгенін, соған қатысты тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлаймыз. Тексеру қорытындысына сәйкес түпкілікті заңды шешім қабылданады», – деп жауап берді ведомстводан.