Нигерияның 12 азаматы Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген.
Ел аумағында заңсыз жүрген шетелдік азаматтар ұсталды
1,343
оқылды

Бүгінде көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде бір апта ішінде 50 шетелдік азамат және көршілес елден келген 165 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Polisia.kz.

Нигерияның 12 азаматы Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген. Полицейлер оларды қаладағы хостелдерден тапты. 

ҚР-ның көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейдтер құқық бұзушылықтың алдын алуға және заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған. 

«Бір апта ішінде басқа елдердің 50 азаматы және көршілес елдердің 165 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 104 шетел азаматы құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-таратуға орналастырылды. Тағы 22 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар 54 жеке және заңды тұлға, оның ішінде Бразилияның 2 азаматын заңсыз жұмысқа тартқан фирмалардың бірінің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасынан.

Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру деректерін анықтау, сондай-ақ шетел азаматтары тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.