Сараптама нәтижесінде тәркіленген зат «каннабис» есірткі заты екені анықталды.
Жамбыл облысының тұрғынынан 2 центнерге жуық каннабис тәркіленді
633
оқылды

Жамбыл облысының Шу ауданында Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынынан 2 центнерге жуық жабайы қарасора тәркіленді.

«Қарасора-2023» және «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шаралары барысындағы жедел іздестіру жұмыстарын Жамбыл облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.

«Алға ауылының «Қақпақты» учаскесіндегі құмды аймақта ұсталған күдікті жабайы қарасораны жинап, 4 қапқа салған. Сондай-ақ, орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды. Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 189 келі 940 грамм болатын тәркіленген зат «каннабис» есірткі заты екені анықталды. Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл бап мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», – деп хабарлады Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы.