Antares қаржы пирамидасын құрған және жетекшілік еткен адамдарға қатысты сот үкімі шықты.
Antares қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты
1,029
оқылды

2020 жылдың мамыры мен 2021 жылдың шілде айы аралығында 33 адамнан жалпы сомасы 200 миллион теңгеден астам қаражат тартқан Antares қаржы пирамидасын құрған және жетекшілік еткен адамдарға қатысты сот үкімі шықты.

«Сот үкімімен сотталушылар ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаржылық пирамиданы құру және оны басқару бойынша кінәлі деп танылды. Бірі – 6,5 жылға, ал екіншісі – 5,5 жылға бас бостандығынан айыру, қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан айыру үкімі кесілді», – делінген хабарламада.