Ақтауда үш баласын аса қатыгездікпен өлтірген ер адамның сот үкіміне берген апелляциясы қанағаттандырылмады. Маңғыстау соты азаматтың шағымын қанағаттандырмады.
Ақтауда үш баласын қатыгездікпен өлтірген әкенің үкімі өзгеріссіз қалды
836
оқылды

Үкімді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады. Мұнда сотталушы мен адвокат соттың үкімін жойып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ер адамның өзі 3 кішкентай баласын аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Бірінші сатыдағы сотта ол лауазым атқару құқығы мен бас бостандығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалған.

"Үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз жоқ. Осыған байланысты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Апелляциялық шағымдар қанағаттандырылған жоқ", – делінген ресми хабарламада.