Түркияның Аланья қаласы аумағында туристер мінген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан екі адам көз жұмып, тағы 12 адам зардап шекті. Жолаушылар арасында қазақстандықтар болған, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» түріктің NTV арнасына сілтеме жасап.
Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады, 2 адам көз жұмды
719
оқылды

Басылымның жазуынша, туристік көліктің жүргізушісі мен украиналық гид оқиға орнында мерт болды.

12 турист, соның ішінде ауыр жарақат алған 6 адам Аланья мен Манавгат аудандарының ауруханаларына жеткізілді.

Haber Global телеарнасының хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілген.

«ҚазАқпарат» қазақстандықтар жөнінде мәлімет алу үшін еліміздің Сыртқы істер министрлігіне жүгінді. Ведомствода «ақпарат анықталып жатқанын» жеткізді.