ТЖД шомылу кезінде судағы ережелерді сақтауды ескертеді.
Ұлытау облысында 23 жастағы жігіт суға батып кетті
1,345
оқылды

Ұлытау облысында достарымен бірге демалып жүрген 23 жастағы жігіт суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«30 шілдеде, сағат 17:30-да Кеңгір су қоймасының солтүстік-шығыс жағалауында 2000 жылы туған жас жігіт тыйым салынған жерде суға түсу кезінде батып кетті. Оқиға туралы құтқарушыларға бірге демалыста болған достары хабарлаған. Құтқарушы-сүңгуірлер суға батқан адамның денесін жағадан 8 метр қашықтықта, 3,5-4 метр тереңдіктен тапты. Бұл жерде су қоймасының түбі біркелкі емес, тереңдікте күрт төмендейді. Жанында болған куәгерге ӘҚБК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жаза белгіленді», -  делінген хабарламада.

Ұлытау облысының ТЖД шомылу кезінде қайғылы жағдайға жол бермес үшін судағы ережелерді сақтауды ескертеді:

- Жабдықталмаған жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынады!

- Жүзе алмайтын болсаңыз, белден жоғары суға түспеңіз!

- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

- Мас күйде шомылмаңыз!

- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз!

- Түнде шомылмаңыз!